Алматы. 29 мамыр. 7kun.kz - Ресейден келетін жеңіл автокөліктер саны 24% қысқарды. Бұл туралы finprom.kz хабарлады.
Соңғы үш жылда жеңіл автокөлік импорты жеті есеге қысқарды.
Елімізге шет елден келетін авткөліктер саны азайып жатыр. 2017 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанға 4 мың 700 автокөлік тасымалданған, бұл өткен жылдың қаңтар-наурызына қарағанда 11 пайызға аз.
Соған қарамастан көлік бағасы қымбаттап жатыр. 2017 жылы импортталған жеңіл автокөліктердің жалпы құны 92,5 миллион долларды құрады. Ал 2016 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш 41 пайызға аз болған. Яғни импортталатын әр көлік бағасы 58 пайызға өсіп, 19 мың 500 долларды көрсетті.
Қазақстандықтар жеке автокөлік сатып алуды азайтқан. Жыл басынан бері тіркелген жеңіл автокөлік саны 7500-ге азайған. 2017 жылдың наурыз айында ғана тез өсім байқалған, автокөлік саны шамамен 10 мыңға артты.
Ал басты импорттаушы ел Ресей, оның Қазақстандағы үлесі 66 пайызды құрайды. 2017 жылдың бірінші кварталында 3100 Ресей автокөлігі импортталып, оның бағасы 35 пайызға артқан.
Осы жылы Өзбекстан көліктеріне сұраныс артты. Қазақстанға 2017 жылдың алғашқы үш айында импортталған 480 көліктің жалпы құны 2,3 миллион долларды кұрады.
Айта кетейік, осыдан үш жыл бұрын 2014 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанға 32 мың 400 автокөлік импортталған. Бұл 2017 жылдың көрсеткішіне қарағанда жеті есе көп.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024