Орталық банк Ресейдегі ЖІӨ 2015 жылы 3,5-4% құлдырайды деп болжайды. Бұл туралы директорлар кеңесінің отырысынан кейінгі ОБ таратқан хабарламада жазылған.
"Рубльдің құнсыздануы сыртқы жағдайлардың негативті өзгеруінің орнын толтырып, ресейлік тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттырды. Таза экспорттың өзі дамуға біршама үлес қоса алуы мүмкін. Бірақ Ресей Банкінің бағалауынша, 2015 жылы ЖІӨ 3,5-4% төмендейді", - делінген ОБ хабарламасында.
Ресей Банкінің атап өтуінше, құрылымдық факторлар елдің экономикалық дамуына тоқтатушы ықпал етеді, алайда оның баяулауы циклдық сипат алып бара жатыр.
"Инвестициялық мақсатта импортталған тауарлар бағасының жоғары болуы, компанияның қаржылай көрсеткіштерінің төмендеуі, несие беру шарттарының қатаңдауы және экономикалық белгісіздіктің жоғары деңгейде сақталуы негізгі капиталға баратын инвестиция көлемін қысқартты", - деп жазылған хабарламада. Банк сарапшылары жалақының төмендеуі, жұмыс уақытының қысқаруына байланысты еңбек нарығының жаңа шарттарына бейімделу басталды, бұл өз кезегінде тұтынушылық белсенділіктің төмендеуіне әкеліп соғады деп атап өтеді.
Өткен аптада экономикалық даму министрі Алексей Улюкаев 2015 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ 3%-ға төмендейді, бірақ III-IV тоқсанда экономика дами түседі деп мәлімдеген еді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024