Ресейдің Орталық Банкі (ОБ) қызметкерлеріне жеке қажеттіліктері үшін банктен несие алуға тыйым салатын заң жобасын дайындады деп хабарлайды Lenta.ru.
Шектеу орта буындағы департамент басшылары мен олардың орынбасарлары, басқарма басшылары, ОБ-ның аумақтық бөлім басшыларына қатысты. Осыған дейін банк ОБ-ның төрағасы мен орынбасарларына, бас аудитр мен есепшіне банктерден несие алуды тыйым салған еді.
"Шектеу Ресей банкіндегілердің өз қызметтерін орындау кезінде мүдделер қақтығысының орын алуына жол бермеуге бағытталған. Дегенмен қызметкер жеке мүддесі үшін ОБ-ден қарызға қаржы ала алады", - делінген ОБ хабарламасында. Қоғамдық талқылаудан кейін нормативті акт мамырда күшіне енуі мүмкін.
Сондай-ақ, ОБ реттеуіш қызметкерлерінің сый алуын да қадағалайтын арнайы құжат қабылдады. Құжат бойынша, банк қызметкерінен жұмысына байланысты жеке және заңды тұлғалардан сыйлық алуға тыйым салады. Егер сыйлық ресми іс-шара кезінде берілсе, қызметкер бұл туралы басшылыққа ескертіп, сақтауға беруге міндетті. Егер оның құны 3 мың рубльден асса қайтарып беруі қажет. Ресей Банкі төрағасының сыйлық алуға құқығы жоқ. Қаржы реттеуішінің төрағасы Эльвира Набибуллина қол қойған құжат 8 сәуірден бастап күшіне енеді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024