Ресейге қарсы санкциялар Қазақстан экономикасына әсер етпейді - Ұлттық экономика министрі
Алматы. 8 тамыз. 7kun.kz - АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциялар енгізуі Қазақстан экономикасына тікелей әсер етпейді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты.
"Біздің ойымызша, Ресейге қарсы санкциларды әсері шамамен мұнай бағасының өсуінің теңгеге әсері, металлдар индексінің бағасының түсуі немесе біздің серіктестеріміздің экономикасының төмендеуі сияқты сипатта әсер етеді. Яғни төтенше жағдайлар болмайды, тікелей ықпал етпейді", - деп атап өтті Тимур Сүлейменов.
Дегенмен, оның айтуынша, Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болғандықтан бізге тигізер әсерін қарауымыз керек.
"Ресей экономикасы онсызда екі жыл бойы төмен көрсеткіш көрсетті. Сондықтан біз оған үйреніп қалғанбыз. Біз экспорт жасаған нарықтар да Ресей экономикасының төмендеуіне қарай жұмыс істейді. Сондықтан менің ойымш дайын болуымыз керек", - деді Ұлттық экономика министрі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024