ЕуроОдақ билігі Ресей мен Украина азаматтарына салынған санкцияларды 15 қыркүйекке дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ЕО-ның ресми басылымында жарияланған.
Тізімнен Мемлекеттік Думаның бұрынғы вице-спикері Людмила Швецова алынып тасталды. Ол 2014 жылдың 29 қазанында ауыр науқастан қайтыс болған еді.
Еуропа кеңесінің ұйғарымы бойынша, 150 жеке және 37 заңды тұлғаға қарсы санкциялар ұзартылған. 2015 жылдың қаңтарында құрылған ЕО-тың сыртқы істер бойынша Кеңесі қабылдағаннан кейін шешім күшіне енеді.
Еске салайық, Ресей Қрымды өзіне қосып алғаннан кейін ЕО мен АҚШ тарапынан санкциялар пакеті енгізілген еді. 2014 жылдың 17 наурызында ЕО 21 ресейлік және қрымдық саясаткерге санкция енгізді. Осыдан кейін де "қара тізім" бірнеше рет кеңейтілген еді.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024