Экономика
Ресейлік банк теңгеге қатысты операцияны бастады
Ресейдің "Образование" инновациялы коммерциялық банкі теңгеге қатысты операцияның басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы LS хабарлайды.
Хабарлама бойынша, конверсиялық операция Санкт-Петербург филиалында өтті. «Банк үшін теңгеге қатысы операция жүргізу - бәсекелестікте маңызды артықшылығы бар жаңа қадам. Көрсетілген қызмет түрінің кеңеюі арқылы алдағы бизнестің дамуы қаблетті болады», - деді "Образование" банкі басшысының орынбасары Алексей Попов.
2015 жылы қазақстандағы айырбастау пунктері 169,87 млрд рубль сатқан. Бұл өткен жылмен салыстрығанда 3,6 есе артық болып отыр (47,19 млрд рубль). Осы жылдың тамыз айында қазақтсандықтар 25,04 млрд рубль игерді. 2014 жылдың қазан айында отандастар көрші мемлекеттің валютасын ірі көлемде сатып ала бастағаннан кейін Ресейде девальвация басталған еді. 2014 жылдың қазанынан 2015 жылдың қыркүйегіне дейін қазақстандықтар 222,84 млрд рубль сатып алды. Осыған орай, максималды айлық көлемі 29,48 млрд рубльге жетті.
Анықтама: "Образование" банкі 1991 жылы құрылды. Қаржы институты 2014 жылдың 10 желтоқсанынан бері Ресейдің Орталық банкі берген № 1521-ші лицензиясына ие. Бас директоры әрі банк басқармасының төрағасы – Александр Мираков.