2015 жылдың сәуірінде ресейлік банктердің таза шығыны 20 млрд рубльді құрады. Бұл туралы Орталық банктің төраға орынбасары Михаил Сухов мәлімдеді деп хабарлайды ТАСС.
Алдын-ала болжам бойынша, 4 ай ішінде (қаңтар-сәуір) банктердің шығыны 14 млрд рубльді құрады. Суховтың атап өтуінше, банктер "табыстылықты қалпына келтіру үшін жұмыс істеп жатыр". "Жоғары пайыздық мөлшерлемелер белгіленгеннен кейін жинақ саны аз да болса өсті. Сәуір айында рубль түріндегі жинақ 3 пайызға ұлғайды, салымшыларымыз банкке 430 млрд рубль әкелді. Валюталық жинақ 4,3 пайыз өсті", - деп мәлімдеді Сухов. 13 мамыр күні үкіметтің вице-премьері Игорь Шувалов жақын арада Ресейдің банк секторында өсім болмайды деп мәлімдеген еді. Шенеуніктің айтуынша, табыс 2015-2016 жылдар кезеңінде өсе бастайды. Осыған дейін 30 наурызда ОБ Ресейдің ірі 30 банкі 22,76 млрд рубль көлемінде шығынға ұшырады деп хабарлаған еді. Қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша, оларға 131,54 млрд рубль табыс түскен. Ал 2014 жылдың қорытындысы бойынша, ресейлік қаржы институттарының табысы 40,7 пайызға немесе 589 млрд рублге дейін төмендеген. Бұған алдын-ала қауіпке байланысты банк резервтеріне салатын қаржы көлемін ұлғайтуы себеп болып отыр.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024