Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресейге баратын экспорттың азаюына байланысты Минск 900 млн доллар жоғалтты

Ресейге баратын экспорттың азаюына байланысты Минск 900 млн доллар жоғалтты

Белоруссия енді тек ресейлік нарыққа сеніп қоймай, экспортты әртараптандыруды бастамақшы. 2015 жылдың алғашқы екі айында Ресейге баратын экспорт көлемінің азаюынан республика 900 млн доллар көлемінде зардап шеккен. Бұл туралы елдің премьер-министрі Андрей Кобяков мәлімдеді.

Кобяковтың сөзінше, үкімет Қытай, Үндістан, Индонезия, Солтүстік Африка, Латын Америка елдеріне баратын экспорт көлемін 5 млрд долларға дейін жеткізу туралы мақсат қойып отыр. Ол белоруссиялық тауар үшін перспективалы болатын 56 нарықтың анықталғанын атап өтті. "2015 жылдың екі айында Белоруссия аталған 56 нарыққа 107 млн доллардың тауарын жіберді", - деді Белоруссия премьер-министрі Андрей Кобяков.

Сондай-ақ, ол ел үкіметі мен Ұлттық банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізбекші екендігін мәлімдеді. Осы арқылы ұлттық валютаның курсы мен инфляция көрсеткіштерін ретке келтіруге мүмкіндік болады.

Осыған дейін Белоруссия үкіметі отандық өндірушілерін ресейлік нарықтан басқа да экспортты нарыққа шығуға шақырған еді. Оның сөзінше, өткен жылмен салыстырғанда тауар және қызмет бойынша экспорт 22,7%-ға төмендеген. Премьер-министр экономикалық жағдайдың өзгеріске ұшырап, РФ-ның отандық өндірушілер қорғау шараларының көбеюіне байланысты ресейлік нарықпен жұмыс істеуде қиынға соғып жатыр деп есептейді.

Похожие материалы