Ресейдің Федералды антимонополиялық қызметі (ФАҚ) Google компанисына қатысты іс қозғады деп хабарлайды РБК қызмет басшысы Игорь Артемьевке сілтеме жасап. Оның сөзінше компанияға қатысты түскен шағым қаралып, "заң бұзушылық белгілері" байқалған. Алдағы уақытта бірінші комиссия отырысы өтеді.
Еске салайық, осыған дейін ресейлік "Яндекс" компаниясы Android операциялық жүйесі тиесілі Google өндірушілердің бәсекелес сервистермен әріптестігіне шектеу қояды деп мәлімдеген еді. "Яндекстің" пікірінше, өндірушілер тек Google шарттарымен келіскенде ғана, Google Play қосымшалар дүкеніне қол жеткізе алады. Осыдан кейін американдық алпауыт бәсекелес сервистермен әріптестікке тыйым салу туралы да шектеу қоюы мүмкін дейді ресейлік іздеуіш. Google өкілі Алла Забровскаяның айтуынша "тұтынушылардың Android құрылғыларында қалаған қосымша мен сервисті таңдауға мүмкіндіктері бар".
ФАҚ-тың нақтылауынша, Google-ге қатысты іс "Бәсекелестік қорғау туралы" заңның негізінде қозғалған. Егер ФАҚ Google-дің әрекеттерінде заң бұзушылықтар тапса, корпорацияға 200 мың мен 500 мың рубль аралығында айыппұл салынуы мүмкін.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024