ҚР-ның ауыл шаруашылық министрлігі РФ Астрахань облысынан келетін құс шаруашылық өнімдерін құс тұмауының өршуіне байланысты елге кіргізуге уақытша тыйым салды. Бұл туралы ведомстваның баспасөз-қызметінен хабарлайды.
"H5N1 құс тұмауының өршуіне байланысты ауыл шаруашылық министрлігіндегі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Ресей Федерациясының Астрахань облысынан келетін құс өнімдерінің кіргізілуіне тыйым салды. 2015 жылдың 28 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасына тірі құс, инкубациялық жұмыртқа, құс мамығы, құс еті және жылу өңдеуінен өткізілмеген басқа да құс өнімдері, олардың жем-шөптері және Астрахань облысындағы құс сою кезінде қолданылған құрылғылар кіргізілмейді", -делінген хабарамада.
Еске салайық, осыған дейін тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті ресейлік өндірістегі еттен ішек таяқшалары мен шошқа ДНК-сын және натрийдің мөлшерленген шамадан жоғары екендігін анықтады. Осы жылдың наурызында аймақтық комитет департаменттері азық-түлік өнімдерінің 272 сынамаларының техникалық талаптарға сай келмейтіндігін анықтады. Қазақстан Республиканың заңнамаларына сәйкес, аталған тауарлардың барлығы сауда обьектілері мен жеткізушілердің қоймаларынан алынып тасталынды.
Похожие материалы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





