Экономика
Выбор редактора
Ресейлік топ-50 тізіміндегі екі банк бірігеді
"Возрождение" банкінің директорлар кеңесі Абсолют-банкпен бірігуі туралы ресми мәлімдеді деп хабарлайды «Коммерсантъ». Екі несиелі ұйымның капиталы 50 млрд рубльден асады.
"Возрожденияның" негізгі акционерлерінің бірі Отар Марганияның айтуынша, кеңірек талқыланатын кеңестің келесі отырысы үшін екі ай ішінде келісім-шартқа қажетті құжаттар толығымен дайындалып бітуі қажет. Бағалау үшін "үлкен төрттіктен" тәуелсіз аудитор шақырылады.
"Возрождение" банкінің ірі акционері Дмитрий Орлов (36,7 пайыз) және Отар Маргания (19,7 пайыз) болып табылады. Тағы 9,88 пайыз JP Morgan-ға тиесілі. Абсолют-банк 100 пайыз "Благосостояние" қорындағы РТЖ еншісінде. Активтер көлемі бойынша аталған банктер тиісінше 39 және 41-орында тұрақтаған. Біріккен банк елдегі топ-20 тізіміне кіреді.
Осыған дейін банктердің бірігуі туралы мәселе "Возрождение" банкінің негізін қалаушы Дмитрий Орловтың (2014 жылы желтоқсанда қайтыс болды) кезінде көтерілді. Алайда одан әрі жылжыған жоқ. Қазір Абсолют банктен бөлек "Возрождение" акционерлерімен келіссөздерге миллиардер Михаил Прохоровтың құрылымдары да қатысып жатыр.