Мәскеу. 8 маусым. 7kun.kz - Ресейлік әрбір бесінші топ-менеджер алдағы екі жылда басқа елге кетуді жоспарлайды. Бұл туралы «Агентства Контакт» зерттеу ұйымына сілтеме жасап РБК хабарлайды.
2016 жылдың мамыр айында агенттік ресейлік және халықаралық компаниялардың 467 топ-менеджерінен сауалнама алған. Сауалнама нәтижесінде топ менеджерлердің 16%-алдағы ек3 жылда Ресейден кетуге ниетті болса, 42%-ы жақын арада кетуге дайындалып жүргендерін айтқан.
«Топ-менеджерлердің шетелге кетуге деген талпынысы алдағы жылда трендке айналуы мүмкін", - дейді «Агентства Контакт» ұйымының бизнеcті дамыту жөніндегі директоры Анастасия Стасева.
Оның сөзінше, көптеген жеткеші топтар басқа елдерде жоғарғы технологиялы бизнесті ашуда көптеген қиындықтардан құтылуға болатынын айтады екен. Тіпті АҚШ және Еуропалық одақ елдерінде инвесторлар табу оңай дейді.
Сондай-ақ, Ресейдегі топ-менеджерлердің 48%-ы компанияларда жалданып жұмыс істеуді жоспарласа, 31%-ы өз бизнестерін ашуды жоспарлайды. Респонденттердің көпшілігі АҚШ (22% респондент), Германия (17%), Ұлыбританияға (11%) кеткісі келеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024