Солтүстік Қазақстанда орналасқан құрамында алмазы бар кен орындарын Челябинск облысының инвесторлары өндіруі мүмкін деп аймақтың Индустриалды-инновациялық даму басқармасына сілтеме жасап, Астана телеарнасы хабарлайды.
Мамандардың деректеріне сүйенсек, өткен ғасырдың екінші жартысында өткізілген зерттеулер барысында аймақта 3 алмаз кені табылған. Олардың екеуінде техникалық алмазды өндіруге болады, ал үшіншісінде зергерлік бұйымдарға арналған алмаз тастары бар.
Алайда, индустриалды-инновациялық даму басқармасы бастығының орынбасары Александр Иванищевтің айтуынша, кен орнында бағалы материалдан гөрі, ұсақ тастар көбірек. Ең ірі дегендері 3 миллиметрден аспайды.
"Біз Челябинск облысынан инвесторларды шақырдық. Олар осы кен орындарын өндіруге қатысу ықыласы болса, келеді. Олар ертең келіп, осы мәселемен айналысады деп нақты айта алмаймыз. Дегенмен, қызығушылық бар, менің ойымша, бұның қашан болатындығы - уақыт мәселесі", - деп мәлімдеді А.Иванищев.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024