Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев Роскомнадзорға әлеуметтік желі қолданушыларының хат жазысуларын тексеруге мүмкіндік беретін қаулыға қол қойды.
Аталған құжат бойынша Роскомнадзордың "Одноклассники", "ВКонтакте" желілері мен электронды поштадағы және (Агент.Mail.ru, ICQ) мессенджерлеріндегі қолданушылардың хабарламаларды қабылдау, өңдеу, жеткізу, тасымалдау процестеріне бақылау жасай алуға құқықтары бар. Сондай-ақ ведомства ақпарат таратушы ұйымның ресурстарын да қадағалап, сараптама жасауға, тұтынушылардың әлеуметтік желідегі әрекеттерін бақылап, жазып алуға мүмкіндіктері бар.
Хат жазысуларды тексеру тек құқық қорғау органдары іздеу шараларына байланысты өтінім берген кезде ғана іске асырылу қажет. Тексеріс екі рет орындалады. Екінші тексеру 60 күннен аспайтын мерзім ішінде ғана жүргізілуі қажет.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024