Алматы облысы. 9 қаңтар. 7kun.kz – 2022 жылғы 23 желтоқсанда Алматы облысы Талғар ауданының полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 279-бабының 2-бөлігі бойынша ұшақ құлаған үйдің иесі Решет Қалибекке қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарды, деп хабарлады ratel.kz.
Ришат Қалибек 2019 жылдың 27 желтоқсан күні Алматы маңында Бэк Эйр ұшағы соқтығысқан үйдің иесі. Апат кезінде 12 адам қаза тауып, кейіннен баспана сүрілген болатын.
23 желтоқсанда іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылған. Зәулім үйдің иесіне абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы ережелерді немесе нормативтердің талаптарын бұзды деп айып тағылған еді.
Алайда ratel.kz жазуынша 2022 жылғы 26 желтоқсанда прокуратура қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыны мақұлдаудан бас тартып, қылмыстық іс одан әрі тергеу үшін тергеу органына қайтарылған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024