Respublica партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау Мәжіліс сайлауына қатысудан шеттетілді
Алматы. 14 ақпан. 7kun.kz – Бүгін ОСК Respublica партиясының тең төрағасы Сырымбек Тауды Мәжіліс сайлауына қатысудан шеттетті. Бұл туралы партияның инстаграм парақшасында хабарлады.
«Бәлкім, формальдық дүние өте маңызды шығар, бірақ ол өте лайық кандидат болды. Сырымбек нөлден бастап жеке кәсібін ашып, 600 ден астам адамды жұмыспен қамтып, мемлекет бюджетіне жалпы сомасы 10 миллиард теңгеден астам салық төлеген. Бірақ Сырымбек елге көмекті тек экономикалық үлеспен ғана көрсетіп жүрген жоқ. Қиын-қыстау кезеңде де халқына қолдау көрсетті. Пандемия кезінде оның компаниясы Алматыдағы 9800 отбасына азық-түлікпен жәрдемдесті, «Біз біргеміз» және «Шұғыла» қайырымдылық қорына қаражат бөлді», – делінген хабарламада.
Партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров болған жағдайға қарамастан, Respublica партиясы берілмейтінін, күресті жалғастыратынын атап өтті.
Cырымбек Таудың өзі Facebook парақшасында бұл туралы пікір білдіріп, жылы сөз айтып, қолдау білдіргендерге алғыс айтты.
"Маған әр бір кездескен қолайсыздық мені келесі қадамға қамшылайды! Мен сайлаудан шеттетілсем де Respublica партиясынан кетпеймін", деп жазды ол.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024