Қазақстанның есеп комитеті 2014 жылғы республикалық бюджеттің 378 млрд теңгесі тиімсіз жұмсалғанын анықтады.
"Республикалық бюджет бағдарламасының әкімшіліктері тарапынан бірнеше рет нақтылау мен түзетулер жүргізілгеніне қарамастан республикалық бюджет қаржысы тиімсіз қолданылған. Бюджет жүйесінің нәтижелілігі принципі орындалмаған қаржы көлемі 378,5 млрд теңгені құрайды", - деп атап өтілген мәжіліс парламентінде жарияланған 2014 жылғы республикалық бюджеттің жүзеге асырылғаны туралы есепте. Есеп комитетінің атап өтуінше, республикалық бюджеттің орындалуы туралы сараптама салықтық және кедендік әкімшілік басқарудың дұрыс жүзеге аспағанын, салық дисциплинасының төмендетіліп, республика бюджетіне келетін түсімдердің жоғалғандығын көрсетеді. "Екі мемлекеттік және 15 салалық бағдарламаны жүзеге асыруын бағалау кезінде олардың дұрыс орындалуының қамтамасыз етілмегендігі, орталық және жергілікті деңгейдегі атқарушылардың өзара тиімді серіктестік жасамағандары анықталды. Бағдарламаларды жүзеге асыру кезінде бюджет сомасына қатысты 127,7 млрд теңге көлемінде заң бұзушылықтар орын алып, 56 млрд теңгенің тиімсіз жұмсалған", - деп жазылған есепте. Сондай-ақ, құжатта жергілікті бюджеттердің табыс көзі бұрынғысынша трансферт болып отырғандығы атап өтілді. "2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда трансферетті пайдалану кезінде анықталған қаржы заңнамасын бұзушылықтар 40%-ға өсіп, 243,1 млрд теңгені құрады", - делінген хабарламада. Есеп комитетінің мәліметінше, орталық мемлекеттік органдардың инвестициялық жобаларды орындауы кезінде 34,3 млрд теңге көлеміндегі заң бұзушылықтар болған. Сондай-ақ, республикалық бюджет қаржыларын пайдалану кезінде 8,1 млрд теңге игерілмеген. Жергілікті атқарушы органдарда орын алған кемшіліктердің жалпы көлемі 174,1 млрд теңгені құрайды, 2,2 млрд теңге игерілмей қалды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024