
Астана. 15 маусым. 7kun.kz - Республикалық бюджет күзде тағы да нақтыланады. ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов үкіметтің селекторлық режммдегі кезекті отырысына сәйкес осындай тапсырма берді.
«Қаржы министрлігі мен Экономика министрлігіне ресурстарды қайта тиімді бөліп, оларды экономиканың дамуына жұмсау үшін биыл күзде бюджетті нақтылауға дайындалуды тапсырамын», - деді К.Мәсімов.
«Қарауыңызды өтінемін: біз мектептер мен әлеуметтік сипаттағы нысандардың құрылысын тоқтаттық (…) Оны жаңарту қажет. Ұсыныстар енгізу үшін мұны сәйкес министрліктермен және облыс әкімдіктерімен бірге пысықтау қажет. Бұл жұмысқа өзіңіз жауап бересіз, бұл жұмысты келесі жылдарға бюджетті қалыптастырумен бірге жаңалау қажет», - деді ол отырыс барысында вице-премьер Дариға Назарбаеваға қарата сөйлеген сөзінде.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025