Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әріптесіңізбен ренжісіп қалсаңыз...

Әріптесіңізбен ренжісіп қалсаңыз...

Дамыған елдерде өзіңді өзің жұмыспен қамту басты ұран. Өкінішке қарай бұл түсінік бізде әлі қалыптасып үлгерген жоқ. Бізде біреуге жұмыс істеп жалақы алу басты табыс көзі.  Сондықтан жұмысымыздан айырылмауға тырысамыз. Уақытымыздың көп бөлігін жұмыста өткіземіз. Туған-туыстарымызға қарағанда әріпестерімізбен көбірек сөйлесеміз. Ал, жұмыссыз қалу біздің түсінік бойынша жалақыдан айырылу, жалақыдан айырылу қаржылық проблемалардың туындауы. Дәл қазіргі жағдайда көпшіліктің негізгі қаржы көзі болып отырған жұмыстан айырылмау үшін не істеу керек? Статистика бойынша жұмыссыз қалуға басты себептің бірі - жұмыстағы кикілжің. Егер мұндай жағдайға тап болсаңыз не істеу керек?

  1. Ешқашан e-mail арқылы ұрсыспаңыз

Бұл бетпе-беn ұрысқаннан гөрі дұрыстау көрінгенімен, кәсібилердің мұндай мәселелері почта арқылы шешілмейді дейтін кеңесін есте ұстаңыз. Уортон бизнес мектебінің профессоры Ричард Шеллдің айтынша «Тек әріптер арқылы өз эмоцияңызды көрсетіп, әңгімелесушінің көзін сіздікінің дұрыстығына жеткізу мүмкін емес, егер сізді көрмесе,  әріптер мен сөздер – тек әріп пен сөз ғана».

  1. «Сізге бара жатырмын» деп ескертіңіз

Бір жағынан, әріптесіңізбен бетпе-бет келіп, қарым-қатынасыңызды шешу де ыңғайсыз. Бірақ сіздер сөйлесіп, проблеманы шешкіңіз келеді ғой. Егер аяқ астынан шабуыл жасасаңыз, ол қарсы жауап дайындай алмай, дөрекілікке баруы мүмкін. XIX ғасырда ешкім ескертусіз оқ атпаған: дуэль тағайындалған. Сіз де, салиқалылық танытып, «Бір мәселені талқылау керектігін» ескертіңіз. Тағы бір кеңес: ресми кездесу тағайындаудың қажеті жоқ. Қарсыласыңызды тек ашуландырасыз. Жұмсақтау әрекет жасаңыз.

3. Қарым-қатынасыңызды түскі ас кезінде шешіңіз

Бірге ас ішу – ежелден келе жатқан табысудың белгісі. Бөлек аумақта түскі ас ішу, түсінбеушілікті талқылау мен шешуге таптырмас уақыт. Қарсыласыңызды тамақ ішуе шақырыңыз. Келіссе - жақсы.Тамақ ішіп, тыңдап, айтып, түсінісуге, егер қаласаңыз оның көзқарасын қабылдаңыз.

  1. Жағдайды терең түсінуге тырысыңыз

Өзіңізді қарсыласыңыздың жағдайында сезініп көру ешқашан артықтық етпейді. Өзіңізге оның неліктен ондай қадамға барғанын түсіндіруге тырысыңыз, тіпті дауыстап айтып көріңіз: «Мен оның көзқарасы тұрғысынан мына мәселе былайша болуы мүмкін екенін түсінемін...». Адамдарға Сіздің оны түсіне білетініңіз ұнайды. Мысалы: жұмыс мәселесі бойынша Сіздге әділетсіздеу шешім деп ренжіп тұр. Оған «Сәкен, егер сенің идеяң сенің қатысуыңсыз-ақ жүзеге асуына ренжіп тұрсаң, оны айт. Бар мәселе осыда ма?» дегеніңіз дұрыс болады.

  1. Тек өзіңіз туралы ғана ойламаңыз

Егер Сіздің жағыңызда компанияның, бастығыңыздың, әріптестеріңіздің қызығушылығы болса, әріптесіңізбен ренжісуге болады. Мұндай қолдаумен жеңетініңіз сөзсіз. Егер Сіз өзіңіздің бас пайдаңызға бола дауласып тұрсаңыз – тоқтаңыз. Мұндай жағдайда мәселені Сіздің айтып тұрғаныңыз барлығы үшін пайдалы екендігін түсіндіруге тырысқаныңыз жөн. Мысалы: Сізге ұсынылған жобаны басқа біреуге бергелі жатса, жобаға қатысатын клиентті Сіздің тапқаныңызды, сізбен жұмыс істеу оған ыңғайлы екендігін, тапсырысты жоғалтпас үшін Сізді осы жобада қалдырған дұрыстығын айтқаныңыз жөн. Кез-келген жағдайда айғайлап, қарсыласыңызды балағаттамаңыз: олар жүз жерден шыншыл болса да, шу шығарғыштарды еш жерде жақсы көрмейді.

Похожие материалы