Алматы. 27 наурыз. 7kun.kz - Мәжіліс депутаты Айзада Құрманова "ҚазАгро" ұлттық компаниясын жауап тартуды ұсынды.
Үкімет сағатында мәжіліс депутаты Айзада Құрманова тексеру барысында табылған қателіктер туралы айтты.
"2014-2015 жылдары ауылшаруашылығына қаржылай көмек көрсету қоры арқылы шағын кредит алған азаматтардың 30 пайызы салық органдарында тіркеуде тұрмаған. Бұл қордың қызметіндегі заң бұзушылықтардың бар екенін оның ШҚО бөлімшесінде 1 миллиард теңгеден астам қаржы ұрланғаны дәлел. Нәтижесінде жалған кредит рәсімделген 700 адам зардап шеккен. Сіздердің еншілестеріңіз арқылы жүзеге асатын жаңа бағдарламада мұндай әрекеттердің қайталанбауын қадағалайтын қандай да бір механизм бар ма?» - деді мәжіліс депутаты.
Бұл сұраққа «ҚазАгро» холдингінің өкілі жауап берді.
«Шығыс Қазақстан облысындағы бөлімшеде мұндай жағдайдың болғаны рас. Бірақ сомасы сіз айтқаннан төмен. Және бұл фактіні қордың жұмысшылары анықтаған», - деді ол.
Сонымен қатар, ұлттық холдинг өкілі қарыз алушылармен жұмыс жүріп жатқанын және оның кейбіріне қатысты сот ісі басталып, кейбірінің қағаздары құқық қорғаушы органдарына табысталғанын айтты.
Ол «Мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін тәуекелдерді басқару мен кредит берпу процесін автоматтандыруды қайта қарап шықтық», - деп қорытындылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024