Алматы. 25 ақпан. 7kun.kz – Француздық Stanley Robotics компаниясы Париж, Лион және Дюссельдорф әуежайларында тұрақ қызметінің роботын сынақтан өткізді. Жаңа робот-тұрақтаушы "Стэн" деп аталады.
Стэн көлемі жағынан екінші Лондон — Гатвика әуежайында тәртіп орнатуды 2019 жылдың тамыз айында бастайды.
Бұл роботта көлік тасымалдауға арналған платформа бар, ол үлкен қоймалардағы эвакуатор немесе жүк транспортері сияқты. Иесі автокөлікті тұраққа кіреберісте қалдырады, робот оны көтеріп, өз платформасына қояды және автокөлік түсірілетін автотұраққа кетеді.
Стэн тек автотұрақ жұмысын ғана емес, сонымен қатар клиенттің смартфоны арқылы рейстердің нөмірін бақылайды және көліктің қай уақытта дайын болуы керек екенін біледі.
Керек ақпаратты алған робот автокөліктерді сұрыптайды: бұрын шығарылатындарды алға, ал күте алатындарды артқа қояды.