Алматы. 18 қыркүйек. 7kun.kz — Болашақта роботтар бірқатар мамандықтардың қызметін атқарады. Бұл туралы рекрутинг және жалдау агенттігінің мамандары мәлімдейді.
«Анталия Қазақстан» рекрутингтік агенттігінің директоры Антон Ковинскидің айтуынша, уақыт өте келе роботтар жүргізушілер, бухгалтерлер, жүйелік әкімшілер, риэлторлар, нотариус, кітапханашылар және копирайтерлердің жұмысын атқарады.
«Алайда, бұл процесс жылдам болмайды. Кез келген жаңалық уақыт пен белгілі бір сынақ кезеңін талап етеді. Автоматты жүйе өз құзыреттілігін растағаннан кейін ғана роботтандыру процесі басталады», - деп атап өтті.
"Ernst&Young" кеңес беру бөлімінің менеджері Дамир Деминов физикалық жұмыстар (қаптамаларды жинау және сақтау) немесе деректерді жинау мен өңдеуді қамтитын жұмыстар автоматтану жүйесіне көшетіндігін айтады.
Сонымен қатар, роботтар әкімшілік және бухгалтерлік қызметті де атқаратын болады. Аталған саладағы мамандардың саны 30 пайызға төмендеуі мүмкін.
Айгүл Хожантаева
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024