Экономика
IT, Технология
Медиа
Роскомнадзор Google, Facebook және Twitter-ге санкция салуы мүмкін екендігін ескертті
Роскомнадзор Google, Facebook және Twitter-ге Ресейге қатысты әрекеттерін тоқтатуды талап еткен хат жіберді. Ведомства басшысы басқалай жағдайда әлеуметтік желілерге (Google-дің YouTube, BlogSpot және Google+ сервистеріне қатысты) санкция салатындығын ескертті деп хабарлайды "Известия" басылымы. Бірақ Роскомнадзор тарапынан қандай парақшалардың наразылық туғызғандығы белгісіз.
Әрекеттер жағаса беретін болса, компанияға айыппұл салынып, парақшалардың бұғаулап тасталынатындығы ескертілді. Ведомстваның ресми өкілі Вадим Ампелонскийдің түсіндіруінше, дәл осындай хаттардан кейін екі жақ арасында нақты байланыс орнай бастайды. Осыған дейін ведомства басшысының орынбасары Максим Ксензовта компания блогерлер туралы ресейлік заңды бұзып отыр деп атап, Google мен Facebook-ке хат жіберген еді. Жекелей алғанда, олар бірнеше парақшаларға тәулік бойына кіру көрсеткіштері туралы комитет сұранысын қанағаттандырмаған. Бұл әрекеті үшін алғашқы айыппұл 300 мың рублді, екінші рет қайталанса 500 мың рублді құрайды. Тәуелсіз юрист Антон Богатовтың сөзінше, америкалық Facebook және Twitter тәрізді компаниялардан қаржы алу қиын болады. Ақша тек жарнама үшін табыс табатын агенттерден алынады. Ал Google-дің Ресейде еншілес компаниясы болғандықтан, бұл жерде "бала әкесі үшін жауап бермейді" деген ереже жүреді. Әзірге Twitter, Google және Facebook ресми өкілдері пікір білдірген жоқ.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024