Роскомнадзор Ресейде Facebook желісін бұғаттады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Роскомнадзор таратқан мәлімет бойынша, Facebook желісін бұғаттау туралы шешім 2022 жылдың 4 наурызында қабылданған.
Хабарламаға сәйкес, 2020 жылдың қазан айынан бастап Facebook тарапынан ресейлік БАҚ пен ақпараттық ресурстарын кемсітудің 26 жағдайы тіркелген.
"Кейінгі күндері әлеуметтік желіге кіру мына басылымдарға шектеулі болған: "РИА Новости", Sputnik, Russia Today, "Лента.ру" және "Газета.ру", - делінген хабарламада.
"Бұл шектеулерге №272-ФЗ "Ресей азаматтарының негізгі құқықтары мен бостандықтарын, құқықтары мен бостандықтарын бұзуға қатысы бар адамдарға ықпал ету шаралары туралы" федералдық заңмен тыйым салынған. Оның ішінде ақпаратты еркін таратудың негізгі қағидаларын бұзуға жол бермеу және ресейлік пайдаланушылардың отандық БАҚ-қа шетелдік интернет-платформаларда кедергісіз қол жеткізуін қарастыру", - делінген сайтта.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024