Экономика
Россельхознадзор АҚШ-тан Қазақстанға жүретін құс етінің транзитіне тыйым салмақ
Россельхознадзор америкалық құс етінің РФ аумағы арқылы Қазақстанға тасымалдануына тыйым салуды жоспарлап отыр.
"Бүгін-ертең америкалық құстың Қазақстанға жүретін трнзитын жабу мәселесін қарастырамыз, себебі тасымалдану кезінде осы өнімнің бір бөлігі біздің аумағымызда қалып қояды", - деп мәлімдеді Россельхознадзор жетекшісі Сергей Данкверт. Оның айуынша, осылайша азық-түлік эмбаргосы сақталмайды. "Тыйым салынған өнім кез келген тәсілмен келіп жатыр бізге, қызмет мамандары оны бірқатар Ресей аймақтарынан тауып жатыр, әсірісе Сібірден", - деді ол. Россельхознадзор деректеріне сүйенсек, Қазақстанға осы жылдың бес айының ішінде АҚШ-тан 24 мың тонна құс еті әкелінген. С.Данкверттің мәлімдеуінше, АҚШ-та құс тұмауы тарап жатқандығына қарамастан, Қазақстан Солтүстік Америкадан келетін құс етіне тыйым салмаған. "Бұл өнім қандай да бір тәсілмен Қазақстанға емеc, біздің нарығымызға келіп жатқандықтан, біз осы қауіпті аурудың ошағын алғымыз келмейді", - деді ол. Бұған қоса, С.Данкверт Қазақстан Ресейдің құс етін хлормен өңдеуге қатысты шараларын қосылмағандығын айта кетті. "РФ-да бұл әдіс рұқсат етілмеген, сол себепті Қазақстанда өңделген америкалық тауық еті қандай болмасын түрінде Ресейге әкелінбеуі тиіс", - деп түсіндірді ол. С.Данкверт Россельхознадзор мамандары қалыптасқан жағдайды талқылау үшін қазақстандық әріптестермен кеңес өткізуді жоспарлап жатқандығын жеткізді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024