Россельхознадзор Қазақстаннан келе жатқан 19,5 тонна ірімшікті кері қайтарды. Ведомствоның айтуынша, өнімнің ветеринарлық сертификатының рәсімделуі заңға сай жасалмаған.
Бұл Қазақстанның өкілетті органдары экспортқа қойылатын бақылауды дұрыс жүргізбей отырғандығын білдіреді деп санайды ресейлік қызмет өкілдері.
Осыған байланысты Россельхознадзор ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасына арнайы хат әзірледі.