Экономика
Выбор редактора
Өртенген "Адем" сауда үйінің кәсіпкерлері Н.Назарбаевқа үндеу хат жолдайды
Осыдан 1 ай бұрын өртенген "Адем-1" сауда орталығының кәсіпкерлері мен меншік иелері ҚР президенті Н.Назарбаевқа үндеухат жолдайды. Бұл туралы "Адем-1" сауда орталығының кәсіпкері Раушан Байжанова Алматыда өткен баспасөз мәслихаты кезінде мәлімдеді деп хабарлайды 7kun.kz тілшісі.
"Қазір біз өрттің салдарымен жалғыз өзіміз ғана күресуге мәжбұр болып жатырмыз. Банктер бізбен келісімге келуді қаламайды. Кәсіпкерлердің барлығында тұтынушылық несие бар және оны қазір төлеу мүмкін емес болғандықтан несие мерзімін ұзарта тұру қажет. Өкінішке орай, банктер бізбен бірге келісім келуді қаламайды. ", - деп атап өтті ол. Оның айтуынша, қазір тек кәсіпкерлермен бірге Ұлттық кәсіпкерлер палатасы айналысып жатыр. Жалпы "Адем-1" сауда үйінде болған өрт салдарынан 2000 кәсіпке және 3000 саудагер зардап шеккен. "Олардың әрқайсысының отбасы бар екендігін есептесек, өрттен 20000 адам жапа шекті. Бірақ бізге Алматы қаласының әкімдігі тарапынан ешқандай жәрдем болып отырған жоқ. Сондықтан біз ҚР президенті Н.Назарбаевқа үндеухат жолдауға мәжбүрміз", - дейді кәсіпкерлер. Ал "Адем-1" сауда орталығындағы өрттен зардап шеккен кәсіпкерлер мен жеке меншік иелерінің"қоғамдық бірлестігінің мүддесін қорғаушы заңгер-маман, құқыққорғаушы Василий Резван мемлекет басшысын Н.Назарбаевтан "Адем-1" сауда үйіндегі өрттің салдарын нақты анықтау үшін арнайы тергеу тобын құруды сұрайтындығын мәлімдеді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024