Өртенген Алматы әкімдігінің ғимаратын қалыпқа келтіру үшін қанша қаражат қажет
Алматы. 31 тамыз. 7kun.kz – Қаңтар оқиғасы кезінде өртенген қалалық әкімдік ғимаратын қайта қалыпқа келтіру жұмыстарының құны аталды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Әкімдік ғимаратын қалыпқа келтіру жұмыстары екі кезеңге бөлінген.
«Үш павильонның бірінші кезеңінің жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Құрылыстың жалпы құны шамамен 13 миллиард теңгені құрайды. Ең үлкен төртіншісі павильонды қалыпқа келтіру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, оны қыркүйектің аяғында аяқтауды жоспарлап отырмыз. Оның нәтижелері бойынша нақты сметалық құны анықталады, бірақ алдын ала бұл төрт миллиард теңге. Осылайша ғимаратты қайта қалыпқа келтіру құны – 17 млрд теңге», - деді қалалық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ұлан Оңалбаев.
Оның айтуынша, қасбетті мүмкіндігінше бұрынғы қалпында сақталып, құрылымдар жеңілдетіледі және ғимарат түпнұсқаға ұқсас материалдармен қапталады.
Еске салайық, мегаполис әкімі Ерболат Досаев өртенген әкімдікті қалыпқа келтіру жұмыстары келесі жылдың наурызына дейін жалғасатынын хабарлаған болатын.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024