Алматы. 14 мамыр. 7kun.kz – Қаңтар-сәуірде Қазақстанның ЖІӨ 4%-ға өсті. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында мәлімдеді.
«Қаңтар-сәуір айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4% -ға өсті. Қаңтар-наурыз айларында елдің экономикасы 3,8% -ға артты. Оң динамика өңдеу өнеркәсібінде, қызмет көрсету секторында, сондай-ақ құрылыс пен ауыл шаруашылығында тұрақты қарқынмен қамтамасыз етілді. Инфляция деңгейі жоспарланған дәлізде. Жыл басынан бері ол 1,8%-ды, жылдық мәнде - 4,9%-ды құрады», - деді министр.
Оның айтуынша, инвестиция серпіні ЖІӨ өсімінен асып түседі. Осылайша, бұл көрсеткіш 6,7%-ды құрады. Ауыл шаруашылығында, құрылыста және өнеркәсіпте инвестициялар айтарлықтай өсті.
2019 жылдың 1 сәуірінде халықаралық резервтер 86 млрд долларды құрады.
Министрдің хабарлауынша, ағымдағы жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісі 2,9%-ға өсті. Өсім өңдеуші өнеркәсіптегі озық қарқын есебінен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, тау-кен өнеркәсібінде өсім баяулайды. Өсім 2,6%-ды құрады.
«Бұл үрдіске мұнай өндіру қарқынының теріс аймаққа ауысуы әсер етті. Есепті кезеңде көлемі 1,1% - ға қысқарды. Ал бірінші тоқсанда 2,7% деңгейінде өсім болды. Төмендеу - жүргізіліп жатқан жоспарлы-алдын алу жұмыстарынан сәуір айында Қашаған кен орнында мұнай өндірудің қысқаруына байланысты», - деді спикер.
Сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібінде өсу үрдісі сақталғаны белгілі болды. 4 айда шығарылым 3,5%-ға дейін өсті. Бірінші тоқсанда өсім 1,6% құрады. Өңдеу қарқынының жоғарылауына мұнай өңдеу, машина жасау, сусындар өндіру әсер етті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024