«Құрылыс саласының цифрлық трансформациялануы» халықаралық конференциясы өтеді
Алматы. 28 ақпан. 7kun.kz — 2 наурызда Алматы қаласында Қазақстан, Ресей және Белоруссияның бейіндік министрліктері өкілдерінің құрылыстағы ақпараттық модельдеуді (ҚСАМТ) енгізудің тәжірибесімен алмасатын халықаралық конференциясы өтеді. Технология қағаз сызбаларын ауыстыруға қабілетті ғимараттарды үшөлшемдік цифрлық жобалаудың жаңа пішімін тұспалдайды.
Конференция Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің аясында өтеді. Ұйымдастырушысы - Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты («ҚазҚСҒЗИ» АҚ).
Іс-шараға Министрліктер мен ведомстволардың, бейіндік оқу орындарының өкілдері, бағдарламалық қамтамасыз етудің әзірлеушілері, жобалау, құрылыс және инжинирингтік компаниялар қатысады.
Сарапшылар құрылыстағы ақпараттық модельдеуді дамыту саласында Қазақстан, Ресей және Белоруссия арасындағы ынтымақтастық мүмкіндігін талқылайды. Іс-шараның шеңберінде қазақстандық және ресейлік сарапшылар ақпараттық модельдеуді кәсіпорындарда қолданудың табысты кейстерінің қатарын ұсынады, құрылыс саласын цифрландыру жолында пайда болуы мүмкін ықтимал кедергілер қарастырылатын болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024