Экономика
Выбор редактора
S&P "Қазақтелеком" рейтингісін өзгертті
Халықаралық Standard&Poor's рейтинг агенттігі қазақстандық байланыс операторы "Қазақтелекомның" рейтинг болжамын қайта қарап, "позитивтіден" "тұрақтыға өзгертіп, оның ұзақ мерзімді несие рейтингін "ВВ" деңгейінде нақтылады.
"Біз алдағы 12-18 айда "Қазақтелеком" АҚ-ның позитивті әрекеттері нақты емес деп есептеп, рейтинг болжамын қайта қарадық",-делінген хабарламада.
"Компания ұялы байланыс сегментіндегі бизнесін дамытуда жоспарлы және теңгермелі стратегияны қолданады. "Қазақтелеком" бүкіл ел бойынша 4G форматындағы жүйені тарату үшін Қазақстандық даму банкінен 37 млрд теңге көлемінде несие алған. Осыған байланысты компанияның ұжымдық басқару және менеджмент жүйесіндегі бағалауды қайта қарап, "әлсіз" деген көрсеткішткен "қанағаттандырыладыға" ауыстырдық. Ал өзіндік несие төлеу қабілетін "bb-" деңгейінен "bb" жоғарылаттық",- деп атап өтеді агенттіктен.
Агенттік сарапшылары "Қазақтелекомды" мемлекетпен байланысты компания және қажеттілік туындған жағдайда үкімет тарапынан шұғыл көмек алады деп есептейді.
Standard&Poor's мамандарының мәліметінше "Қазақтелекомның" ұзақ мерзімді рейтингін "ВВВ" түсіргеннен кейін, компания рейтингісіне мемлекет тарапынан алынатын көмекке байланысты қосымша саты енгізілмейді.
Сондай-ақ хабарламада егер қарыздық қысым деңгейі негізі сценарийден асып кетер болса, "Қазақтелеком" рейтингі "негативтіге" түсетіндігі де атап өтілген.