Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігі "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының рейтингін "ВВ+" деңгейінде растады, болжам - "жағымсыз" деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар ұлттық шкала бойынша рейтинг расталды — «kzAA-». Осындай рейтингтер ҚМГ үлестес компаниясына - "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" (ҚМГ БӨ) АҚ-ға берілді.
"Рейтингтердің расталуы өтеу қабілеттілігінің көрсеткіштері нашарлағанмен, ҚМГ өтемпаздығының көрсеткіштері борышқорық міндеттемелердің бірқалыпты графигінің және ірі активтерден дивиденд кірісін алудың арқасында төмендемейді деген ойымызды қамтып көрсетеді. Сонымен қатар біз қазіргі уақытта төтенше мемлекеттік қолдауды алу ықтималдығы "төтенше жоғарыдан" гөрі "өте жоғары" деп ойлаймыз", - делінген агенттік хабарламасында.
S&P аналитиктерінің мұндай болжамына мұнай бағасының құлдырауы және компания қарыз есебінен қаржыландыруы тиіс үлкен күрделі шығындар жағдайында үкімет тарапынан қолдаудың жоқтығы себеп болып отыр. Бұған қоса, S&P топтың ішінде жүргізіліп жатқан мәмілелер мен бірігулер көлемінің қысқаруын жүргізудегі прогрестің жетіспеушлігін атап өтті.
"ҚазМұнайГаз үшін бұрынғыша ҚМГ БӨ топтың үлестес компаниясының деңгейінде шамамен $4 млрд ақшалай қаражаты қол жетімсіз. Алайда біздің мемлекетпен байланысты ұйымдарға рейтинг белгілеу өлшемдерімізге сәйкес, мемлекет тарапынан қолдау алу ықтималдығына қатысты біздің бағалауымызды қайта қарастыру ҚМГ рейтингінің өзгеруіне әкелмейді, ол бұрынғыша дербес өтеу қабілеттілігінің сипаттамаларын бағалаудың (stand-alone credit profile — SACP) — «b» төрт сатысын қамтиды", — деп көрсетілген S&P хабарламасында.
Бұл ретте, аналитиктердің пікірінше, компания өтемпаздығының көрсеткіштері борышқорық міндеттемелердің бірқалыпты графигінің және ірі активтерден дивиденд кірісін алудың арқасында төмендемейді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024