2015 жылдың басынан бері 54 корпоративтік эмитент дефолт туралы жариялады. Бұл туралы Standard & Poor's агенттігінің сараптамалық бөлімшесі әзірлеген баяндамада айтылған.
Бұл 2009 жылғы дағдарыс кезеңінен бергі ең нашар көрсеткіш. 2014 жылдың қорытындысы бойынша S&P дүние жүзі бойынша корпоративтік дефолттың 60 оқиғасы болғанын келтіреді. Осы аптада бұл тізім Американың Walter Energy Inc. көмір компаниясымен толықты, бұл корпорация 2020 жылы өтелуі тиіс басым вексельдер бойынша пайыздарды төлеу үшін қаражат таба алмады. "Осы жылы ақшалай міндеттемелерін орындай алмаған 52 эмитенттің ішінде 31 компания АҚШ-та орналасқан, 12 - дамушы елдерде, жетеуі - Еуропада және екеуі - қалған дамыған елдерде", - деп мәлімдеді S&P агентігінің сараптамалық бөлімшесінің жектешісі Дайан Вацца. Оның айтуынша, 19 компания қарыздың пайыздарын немесе негізгі сомасын төлемегендіктен дефолтты жариялаған, 11 эмитент банкроттық туралы мәлімдеді, 13 - күйзеліс жағдайында қарыздарын алмастырған (distressed exchange, дефолттың баламасы - 7kun.kz), алты жағдайда дефолт құпия болды, екі жағдайда реттеуіштің араласуы болған, тағы бір жағдайда сот талабы бойынша қайта ұйымдастыру іске асырылған.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024