Ғаламдық шикізат нарығындағы бағалардың құлдырауы алдыңғылармен салыстырғанда ұзағырақ болады. Brent маркалы мұнайының барреліне 50 доллар белгіленімі тұрақты емес дейді Standard & Poor's сарапшы тобының жетекшісі Карл Нитвельт.
Соңғы уақытта әлемдік нарықта көптеген өзгерістер орын алып жатыр. Бірақ, алдағы 12 айда болатын өзгерістер бұдан әрі таң қалдыратын болады. Соның ішінде Қытайдың әсерінен болмақ", - деді сарапшы Мәскеуде өткен семинар кезінде. Қытай шикізаттың барлық түріне әсер етеді дейді ол. "Қазіргі құлдырау әлі біраз уақыт болады. 2003 жылғы және 2009 жылғылардан да ұзақ болады", - деген болжам жасады К.Нитвельт. Оның айтуынша, Brent бағасының барреліне 50 доллар болуы тұрақты емес. Десе де, қайтадан 65-70 доллар болатын күннің қашан туатыны нақты белгісіз. Нарық үшін маңызды факторлардың бірі ОПЕК елдерінің шешімі болмақ. Ол шешімнің қандай боларын божап айту қиын, дейді К.Нитвельт.Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024