Standard & Poor’s несиелік рейтингтер қызметі "Қазақстан Темір жолы" ҰК" АҚ (ҚТЖ) ұлттық темір жол операторы мен оның "негізгі" үлестес компаниясы "Қазтеміртранс" АҚ рейтингілері бойынша болжамды "тұрақтыдан" "жағымсызға" өзгертті.
Сонымен қатар компаниялардың "ВВВ-" ұзақ мерзімді несиелік рейтингілері және олардың "kzAA" ұлттық шкала бойынша рейтингілері расталды.
Рейтингілік әрекеттер Қазақстанның тәуелсіз несиелік рейтингілері төмендетілгеннен кейін қабылданып отыр (болжам - "жағымсыз").
"Біз рейтингілері SACP бағалауынан ұш сатыға биік тұрған және мемлекет тарапынан қолдау алу ықтималдығы "өте жоғары" болып сипатталатын мемлекетпен байланысты ұйымдардың (МБҰ) - ҚТЖ және ҚТТ рейтингілері бойынша болжамдарды қайта қарастырдық - Қазақстан Республикасының рейтингілері одан әрі төмендеген жағдайда осы рейтингілер төмендеуінің "жоғары" ықтималдығын назарға алып отырмыз", - деп түсінік берді S&P.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024