Алматы. 26 маусым. 7kun.kz - Бірінші кварталда қазақстандықтар сұлулық салондар мен шаштаразға 7 млрд теңгеден аса қаражат жұмсады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 43%-ға артты. Ал бір жылда Қазақстанда сұлулық үшін жұмсалған қаражат 7%-ға көбейді, деп хабарлайды ranking.kz.
Қазақстанда ерлердің шаш қию үлгісі әйелдердікіне қарағанда арзанрақ, бірақ қарқынды қымбаттап жатыр. Қазақстанда мамыр айының қорытындысы бойынша ерлердің шаш қию үлгісі орта есеппен 1742 теңге, 2017 жылмен салыстырғанда 5,1%-ға қымбаттады.
Жалпы, шаштараз бен сұлулық салондарының қызметінің бағасы 0,2%-ға, жыл басынан 3%-ға, бір жылда 7,2%-ға артты.
Ал тырнақ өңдеу қызметі бір айда 0,1%-ға, жыл басынан 2,8%-ға, бір жылда 6,5%-ға қымбаттады.
2018 жылдың I кварталында шаштараздар мен сұлулық салондардың қызметіне қазақстандықтар 7,2 млрд теңге жұмсады. 2017 жылы дәл осы уақытта аталмыш қызметтер 5 млрд теңге болды.
Ресми статистика бойынша ауылды аймақтарда сұлулық саласында қызмет көрсету бір жылда 9%-ға артты (448,4 млн теңгеден 454,2 млн теңгеге).
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024