АИ-92 бензинінің бағасы өзгермейді. Бұл жөнінде бүгін ҚР Президентінің қатысуымен Атырау қаласында өткен жиналыс барысында "ҚазМұнайГаз" ҰҚ АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев мәлімдеді.
«2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап есептегенде, ҚМГ 15 млн тонна өңделген мұнайдың 7 млн тоннасын қайта өңдеуге жіберген. Бірақ бұл ағын жанармай бағасының шекті бағасына байланысты шектелді. Еркін баға белгілеу көбірек мұнай өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл болса бензин мен дизельдік отын көлеміне әсер етеді. Сол себепті, биліктің АИ-92 бензині бағасын босатқаны дұрыс болды деп ойлаймын. Қайта өңдеуден бөлек тағы бір фактор бар. Біз, бағасы күн сайын өзгеріп отыратын Ресейден 1 млн тонна бензин әкелеміз. Егер олардың бағасы бұрынғы деңгейде сақталғанда, жанармайдың бір бөлігі солтүстік өңірлерде тазаланып, қайтадан Ресейге жіберілер еді. Қазіргі жағдайда нарықта аса өзгеріс болмайды», дейді С.Мыңбаев.Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





