Астана. 20 сәуір. 7kun.kz - Cолтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Ішкі істер бөлімінің басшысы полиция полковнигі П.В. Мартынюкті қылмыс үстінде ұстады. Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, параның жалпы сомасы 1 млн 850 мың теңге. Бұл туралы inform.kz жазды.
19 сәуірде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті қылмыстық іс бойынша процессуалдық келісімнің тұжырымдамасы мен қайтадан квалификациялау үшін жеке тұлғадан 500 мың теңге мөлшерінде кезекті пара алу кезінде Тайынша ауданы Ішкі істер бөлімінің басшысы полиция полковнигі П.В. Мартынюкті қылмыс үстінде ұстады.
Параның жалпы сомасы 1 млн 850 мың теңгені құраған. Қазіргі уақытта күдікті Петропавл қаласының ІІД уақытша ұстау абақтысына қамалды.
«Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - деп жазылған хабарламада.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024