S&P Қазақстанның ұзақмерзімді рейтингін түсіріп тастады
10 ақпан, 2015
Халықаралық Standard & Poor's рейтинг агенттігі Қазақстан Республикасының шетелдік және жергілікті валютадағы ұзақмерзімді тәуелсіз несие рейтингін ВВB-ға дейін түсірді. Бұған дейін ел рейтингі ВВB+ болған-ды. Мұндай қадам мұнай бағасының түсуімен байланыстырылып отыр. Сондай-ақ, агенттік Қазақстан рейтингіне "жағымсыз" деген болжам жасап отыр.