29 маусым күні S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «Kaspi Bank» АҚ-тың рейтингтері бойынша болжамды «Жағымды» деңгейіне дейін көтерді.
S&P Global бірнеше маңызды факторларды айтып өтті:
- Өткен жылы басқа қазақстандық және ресейлік банктерге қарағанда Kaspi-дің кредит шығындары айтарлықтай төмен болды.
- COVID-19 пандемиясына қарамастан Kaspi-дің резервтерді (тәуекелдердің құны) қалыптастыруға бағытталған шығыны бесжылдық төменгі көрсеткіш 1.7% деңгейіне түсті. Бұл бірінші кезекте несиелік шешімдерді қабылдау шараларының тиімділігіне байланысты.
- Құрамына Kaspi Bank кіретін Kaspi.kz 2021 жылы төлем және электронды коммерция сегментінде айтарлықтай өсім көрсетуін жалғастыруда. Ай сайын белсенді клиенттердің саны 10 млн адамға жетіп отыр, ал орташа капиталға қайтару көрсеткіші рекордтық мәнге - 85%-ға жетті.
Kaspi.kz-тің басшысы Михаил Ломтадзе былай атап өтті:
«Рейтингтер бойынша болжамның жақсаруы – Қазақстанда жасалған бизнес-моделіміздің бірегей екенінің кезекті дәлелі. Кредиттік портфельдің жоғары сапасы бірінші кезекте кредиттік шешімдер қабылдаған кезде ең заманауи технологияларды пайдалануымызға байланысты. Kaspi қазақстандық банктермен салыстырғанда ғана емес, ресейлік банктермен салыстырғанда да өте жақсы көрсеткіштерді көрсетіп отыр, бұл командамызға бөлек мақтаныш факторы».
S&P Global сондай-ақ эмитенттің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредит рейтингтерін «BB - / B» деңгейінде және ұлттық шкала бойынша «kzA» рейтингін растады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024