Алматы. 7 маусым. 7kun.kz - S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі ForteBank рейтингтерін "В" – дан "В+" - ге дейін көтеру туралы шешім қабылдағаны туралы хабарлады, болжам - "Тұрақты".
"Біз ForteBank рейтингтерін арттырдық, өйткені соңғы үш жылда банк өзінің бәсекелестік позициясын айтарлықтай нығайтты және активтер көлемі бойынша 8% нарықтық үлесі бар Қазақстандағы үшінші ірі банк деп есептейміз. Біз ForteBank-тің тәжірибелі басқару командасы және акционер Болат Өтемұратовтың қолдауы жаңа жоғары сапалы бизнесті құруға, өткен кезеңдегі проблемалық берешекті табысты реттеуге және рентабельділікті арттыруға ықпал етті деп санаймыз», - деді S&P сарапшылары.
«S&P Global Ratings агенттігі тарапынан рейтингті "В+"деңгейіне дейін көтеру - банк үшін маңызды оқиға және бүкіл команда жұмысының жоғары бағасы. Рейтингті жақсарту Қазақстандағы ForteBank-тің нарықтық ұстанымдарын күшейтудің кезекті көрсеткіші және біздің клиенттерімізге сапалы қызмет көрсетуді жалғастыруға мүмкіндік береді. ForteBank капитал жеткіліктілігі және өтімділік бойынша жетекші позицияларды сақтай отырып, оң қаржылық нәтижелерді көрсетеді", - ForteBank басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили.
Айта кетейік, 2018 жылдың қорытындысы бойынша ForteBank активтер көлемі бойынша Қазақстанның ірі банктерінің үштігіне кіреді және капиталдандыру және өтімділік деңгейі бойынша жетекші орында тұр. ForteBank мобильді қосымшасы Қазақстанда №1 және ресейлік Marksweb талдау агенттігінің нұсқасы бойынша ТМД-да ең үздік 10 жоба деп танылды. Екінші жыл қатарынан ForteBank The Banker және Global Finance нұсқасы бойынша "Қазақстандағы жыл Банкі" атанды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024