Standard & Poor's халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның ұзақ мерзімді кредит рейтингін шетелдік және ұлттық валюта міндеті бойынша ВВВ-дан - ВВВ деңгейіне дейін төмендетті. Бұл инвестициялық деңгейдің ең төменгі шегі.
Агенттіктің баспасөз баяндамасында хабарланғандай, рейтинг болжамы "негативті" болған.
Сондай-ақ, рейтинг агенттігі шетелдік және ұлттық валюта міндеті бойынша Қазақстанның қысқа мерзімді рейтингін «А-2-ден» «A-3-ке» дейін түсірген. Ал ұлттық шкала бойынша рейтинг «kzAA+-тен» «kzAAға» төмендеді.
Агенттіктің мәлімдеуінше, Қазақстанға қатысты жоспардан тыс рейтинг әрекеті әлемдік мұнай нарығындағы болжамға сәйкес қарастырылған.
S&P болжамына сәйкес, Қазақстанның экономикасы нөлдік деңгейде қалады. Ал ЖІӨ көлемі 2017 жылы 1,5%, 2018 жылы 2,2%, 2019 жылы 2,5% болады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024