Білім және ғылым министрі көпшілік алдында Азат Перуашевтан кешірім сұрамайтындығын мәлімдеді. Аслан Сәрінжіпов мұндай жағдайды Бас прокуратура немесе ІІМ емес, Денсаулық сақтау министрлігі бағалауы қажет деп есептейді. Бұл туралы informburo.kz жазады.
"Мен лоббилендіру деген сөздің біреуді жәбірлегеніне таңғалып тұрмын. Бұл сөздің мағынасын түсіну қажет. Бұл қандай-да бір адамдардың немесе топтың мүддесін алға бастыру дегенді білдіреді. Міндетті түрде ақшаға емес. Менің мәлімдемем біреуді жәбірлегеніне таңғалып тұрмын, ондай жоспарым да жоқ еді. Жаңалықтардан Бас прокуратураға, ол жерден Ішкі істер министрлігіне өтініш жіберілгендігін білдім. Шынымды айтсам, бұл жағдайда бізге жауап беруі үшін Денсаулық сақтау министрлігіне бару қажет дер едім", - деді Назарбаев университетіндегі жоғары білім беру көшбасшыларының IV Еуразиялық форумының ашылуына қатысқан А.Сәрінжіпов.
Еске салайық, парламент депутаттары білім министірінің атына полицияға арыз жазып, министр шенеуніктерге көпшілік алдында тіл тигізді деп айыптап отыр.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





