2015 жылдың сәуір айында өнеркәсіп кәсіпорындары шығаратын өнімнің құны 1,8%-ға төмендеді деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің баспасөз қызметі.
Осы жылдың сәуірінде наурызбен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде – 3%, өңдеу өнеркәсібінде – 0,4%-ға төмендеді. Өндірілген өнім бағасы 2,1%-ға төмендеді, өндірістік сипаттағы қызметтер құны 1,3%-ға жоғарылады.
Өткен айда бағаның газ конденсатына – 6,9%, мазутқа – 4,9%, мұнайға – 3,5%-ға, металл кендеріне және бензинге – 0,7%-дан төмендеуі, олардың дизель отынына – 3,2%, көмірге – 1,9%, табиғи газға – 0,3%-ға жоғарылауы тіркелді.
Баға қорғасынға – 14,2%, мырышқа – 7,7%, алюминийге – 3,5%, қара металдар илегіне – 1,3%, асыл металдарға – 0,8%, ферроқорытпаларға – 0,3%-ға төмендеді, мысқа – 1,5%-ға жоғарылады.
Мына өнімдер үшін баға төмендеі: өсімдік майына – 4,3%, қарақұмық жармасына – 3,8%, құс етіне – 3,1%, мал етіне – 0,5%, маргаринге – 1,6%, қара бидай ұнына – 1,3%, бидай ұнына – 1,2%, сүт өнімдеріне – 0,7%, балыққа – 0,3%, ал күріш бағасы – 1,1%, нанға – 0,3%-ға артты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024