Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сәуір айындағы инфляция 0,1% құрады

Сәуір айындағы инфляция 0,1% құрады

2015 жылдың сәуір айында инфляция 0,1% деңгейінде сақталды. Азық-түлік өнімдері 0,3%, азық-түлік емес тауарлар 0,2% қымбаттаған. Ақылы қызмет түрлерінің бағасы 0,1% төмендеді деп хабарлайды ұлттық экономика министрлігінің статистика комиеті.

Өткен айда көкөністер 7%, жүзім 5,5%, зәйтүн майы 3,6%, жаңғақ пен дәндер 1,7%, алкогольді сусын 1,6%, балалар тағамы 1,2%, балық консервілері 0,8%, кондитерлік өнімдер 0,6%, ұн өнімдері 0,5%, жоғары сұрыптағы бидай наны мен ірімшік 0,4% қымбаттады.

Ал жұмыртқа бағасы 2%, құс еті 1,6%, өсімдік майы 1,3%, күнбағыс майы 1,2%, күріш 1,1%, шикі сүт 0,7%-ға арзандады.

Азық-түлік өнімдері тобына жатпайтын тауарлардан газет пен периодты басылымдар 1%, жиһаз бағасы 0,9%, аяқ-киімдер мен киім, тазалау құралдары мен фармацевтикалық өнімдер 0,6% қымбаттады. Жанармай бағасы 0,4%, дизельді отын 1,2% төмен түсті.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы қызмет түрлері 1%, шаштараз бен қонақүй қызметі 0,5%, демалыс, ойын-сауық саласы 0,4% қымбаттады. Ұзақ жолға темір жолмен жол жүру бағасы 0,7%, ішкі қалалық автобуспен тасымалдау бағасы 2,2%, әуе көлігімен қатынау 2,7%-ға азайған.

Тұрғын-үй коммуналды қызмет саласында газ тарифі 1,9%, электроэнергия тарифі 0,4% жоғарылады.

Айта кетейік, 2014 жылы инфляция 7,4% құраған еді.

 

Похожие материалы