Экономика
Сәуірдегі күнкөріс минимумы 26,3 мың теңгені құрады
Алматы. 2 мамыр. 7kun.kz - 2018 жылдың сәуір айындағы күнкөріс минимумы 26,3 мың теңге болды деп хабаралайды Стастистика комитетінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның хабарлауынша, өткен аймен салыстырғанда күнкөріс минимумы 0,5 пайызға (143 теңге) өскен. Ал жыл басынан бері 2,9 пайызға артқан.
Күнкөріс деңгейінің 14,5 мың теңгесі азық-түлікке, ал 11,8 мың теңгесі азық-түлікке жатпайтын және ақылы қызметтерге бөлінген.
Қазақстандағы ең жоғары күнкөріс минимумы 31,9 мың теңге көрсеткішімен Маңғыстау облысында байқалған. Одан кейін 30,3 мың теңгемен Астанада тіркелген. Ал Алматыдағы күнкөріс минимумы 29,6 мың теңгеге тең.