Экономика
Выбор редактора
Сақтандыру компаниялары туропреторлар мен турагенттерді міндетті сақтандырудан бас тартпақ
Қазақстанның сақтандырушылар қауымдастығы (ҚСҚ) өз мүшелеріне туристік салада жүйелік тәуекелдердің болуына байланысты туроператорлар мен турагенттердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудан бас тартуды ұсынды деп хабарлайды "Новости-Қазақстан" агенттігі.
ҚСҚ таратқан хабарламада туристік салада соңғы бірнеше жылда «Гүлнар Тур», On Travel және Travelsystem туроператорларының банкрот болуына себепші жүйелік тәуекелдер бар екені айтылады. "Соңғы екі жылдың тенденциясы көрсетіп тұрғандай, сақтандыру төлемдері сақтандыру сыйақыларының жиынынан екі есе асып түседі. Бұған қоса, сақтандыру ұйымдары әлі шешілмеген талаптар бойынша ықтимал шығындарды өтеу үшін резервте шамамен 300 млн теңге қосымша қаражат ұстап тұр", - деп мәлімдеді қауымдастықтағылар. Сақтандырушылар туристік саладағы тәуекел факторлары ретінде қаражаттың көлеңкелік айналымын, туроператорлар мен турагенттер қызметінің ашық еместігін, нарық ойыншыларының арасында жауапкершіліктің нақты бөлінуінің жоқтығын, демпинг пен қаржы пирамидаларының құрылуын атады. Осындай жағдайда ҚСҚ өз мүшелеріне туроператор мен турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру класы бойынша лицензиядан бас тартып, осы класс бойынша сақтандыру шарттарын жасасуды заңды негізде тоқтатуды ұсынды. Бұл ретте осындай шешім тек ұсынылатын сипатқа ие екендігі баса айтылады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024