Алматы. 24 тамыз. 7kun.kz - Сақтандыру төлемдерінің 20 пайызы алаяқтардың қалтасына кетеді. Бұл туралы сақтандыру саласының мамандары хабарлады.
Олардың айтуынша, қазір болып жатқан көлік соқтығысының 20 пайызы қасақана жасалады. Мысалы, көлікті сырып, аударып тастайды немесе ескі көліктерді жағып жібереді. Сондай-ақ, жақын шетелдерден соғылған автомобиль әкеліп, елге келген соң сақтандыру құжатын рәсімдейді. Кейін құйтырқы әрекеттер арқылы сақтандыру төлемін өндіріп алады. Кей жағдайда жол полициясының қызметкерлері жалған құжаттар жасап береді дейді мамандар. Сондай-ақ, кеден орындарына заңсыз сақтандыру келісімшартын көрсететіндер көбейген.
Мамандардың айтуынша, елімізде сақтандыруға қатысты деректердің 65 пайызында сақтандыру шығындары көп төленеді.
«...сақтандыру жүйесін білмегейтін халыққа көмектесеміз деп, сақтандырудан алған төлемдерін жымқыратын алаяқтар жетерлік. Мысалы, көлігін соққан жүргізушіге 200 мың беріп, өздері 1 млн-ға дейін сақтандыру төлемін өндіріп алатын делдалдар да бар. Алаяқтықтың алдын алу мақсатында, соғылған көліктерге сақтандыру рәсімдемеу үшін, менеджер оны алдын ала фотоға түсіріп, тексеріп, содан кейін ғана тіркеу туралы жүйені енгізіп жатырмыз», - деді «Сәлем» СК АҚ басқарушы директоры Ренат Сихымбаев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024