Петропавл. 25 қазан. 7kun.kz - Петропавл қаласында 126 және 75 пәтерден тұратын екі үй пайдалануға берілді. Нысандар «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында жергілікті атқарушы органдар бағыты бойынша салынған деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
Пәтерлердің 50%-і Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) салымшылары арасында бөлістірілді. Қалған 50%-і жергілікті әкімдікте тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға берілді.
Кезекте тұрған адамдар ТҮҚЖБ клиенті болған. Яғни банктен депозит ашып, шотта ақша жинаған.
"Жаңа баспанаға ие болып отырған тұрғындар үй алу үшін жалақысы жоғары маман болудың міндетті емес екенін дәлелдеп отыр. Баспаналы боламын деген адамға тұрақты орташа табыс пен керек кезде тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен шот ашу керек. Мысалы, үш жылдан кейін алғашқы салымға қажет минимал сома жинап, сенімді түрде пулға қатысу үшін айына 30-40 мың теңгеден жинап отыру жеткілікті", -банктің облыстық филиалының директоры Райхан Әбдірахманова.
Банк салымшысы Динара Шәріпова 2014 жылдан бері үй кезегінде тұрған. Сондай-ақ ТҮҚЖБ шотында ақша жинап отырған. Осы уақыт ішінде ол 2,5 млн теңге көлеміндегі қаражаттың басын құрапты. Бұл пәтер құнының 30%-не тең. Жетпеген соманы заем түрінде ресімдеген. Енді ай сайын 48 000 теңгеден төлеп тұрады.
Қазір Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде СҚО-ның 30 000 тұрғыны үй алу үшін ақша жинап жатыр. Жақын арада тағы 222 отбасы баспаналы болады. 2017 жылдың соңына дейін бұл азаматтар үшін 3 бірдей үй пайдалануға беріледі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024