Сағынтаев: Қырғызстан қазақ-қырғыз шекарасы арқылы есірткі мен қару-жарақ тасымалдауға жол бермеу керек
Ташкент. 3 қараша. 7kun.kz - Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Ташкентте өтіп жатқан ТМД елдерінің Үкімет басшыларының кездесуінде қазақ-қырғыз шекарасындағы мәселеге қатысты пікір білдірді деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сағынтаевтың айтуынша, Қазақстан қырғыз-қазақ шекарасында ЕАЭО-тың қауіпсіздігі мен мүддесін қорғап отыр.
"Қазақстан Үкіметі қырғыз тарапының бес принципті бағыт бойынша сындарлы ұстанымына үміт артады.
Біріншіден, салықтық әкімшіліктендіру бойынша Қырғыз Республикасы ұлттық заңнама нормаларын ЕАЭО құқығымен сәйкестендіруі керек. Екінші: заңсыз экспортқа, оның ішінде контрафактілік өнімдердің экспортына қарсы іс-қимыл», - деді ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев. Үкімет басшысы назар аудартқан үшінші мәселе - ЕАЭО талаптарын сақтау үшін қырғыз тарапының тауарларды тұрақты және тиімді ветеринарлық-санитарлық және фитосанитарлық (карантиндік) бақылаумен қамтамасыз етуі. "Төртінші: Қырғыз тарапы экономикалық одаққа мүше елдердің көліктік заңнамасын бұзудың алдын алу және ескерту бойынша шара қабылдауы шарт. Бесінші: контрабанда мен қазақ-қырғыз шекарасы арқылы есірткі заттарын, қару-жарақ, оқ-дәрі және өзге де тыйым салынған заттарды заңсыз тасымалдауға жол бермеу. Осылайша, біз өзіміздің ұлттық мүдделерімізді ғана емес, ЕАЭО кеңістігінің экономикалық мүдделер мен экономикалық қауіпсіздігін қорғаудамыз",-деді премьер-министр.
Бұған дейін қазақ-қырғыз шекарасында қырғызстандық жүк тасымалдаушылар бір айда 360 рет заң бұзғандығы белгілі болды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024